Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қостанай облысында белгісіз біреулер такси жүргізушісін өлтіріп кетті 18 тамыз 2016, 13:56

Оны өлтірді деген күдікпен Арқалық қаласының екі тұрғыны ұсталды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© exzk.ru © exzk.ru

Қостанай облысында такси жүргізушісін өлтіріп кетті, - деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Арқалық қаласының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілердің жас шамалары 21-22-де. Олар бұрындары ұрлық жасағаны үшін және алаяқтықпен айналысқаны үшін сотты болған", - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілерді ізін суытпай ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, такси жүргізушісі 47 жаста болған.


Join Telegram