03 тамыз 2016 | 10:06

Қостанай облысында бір күнде болған үш кісі өлімі ауыл тұрғындарын алаңдатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соналы ауылы Қостанай облысының маңында орналасқан. © Google Maps Соналы ауылы Қостанай облысының маңында орналасқан. © Google Maps

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының аумағында 30 шілдеде сенбі күні үш кісі өлтіру дерегі болды. Бұл туралы "Наш Костанай" басылымы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының аумағында 30 шілдеде сенбі күні үш кісі өлтіру дерегі болды. Бұл туралы "Наш Костанай" басылымы хабарлады.

Түскі уақытта Соналы ауылынан үш шақырым жерде денесінде зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Өлтірілген адам Қостанай облысының 33 жастағы жергілікті тұрғыны болып шықты. "Кісі өлтіру дерегі ауыл тұрғындарын шошытты. Себебі, бұл ауылда адам өлтіру сирек кездесетін жағдайлардың бірі екен", - деп жазады басылым тілшілері.

Сол күні кешке Соналы ауылынан алты шақырым жерде жол қызметкерлері тағы бір мәйітті тауып алды. Соналы - Сарыкөл тас жолында бетінде жарақаттары бар ер адамның мәйіті жатқан. Полициядағылар мәйіттің Рудный қаласының 1987 жылғы тұрғынына тиесілі екенін анықтады.

Шамамен жарты сағаттан соң Облыстық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне үшінші мәйіттің табылғаны жайлы хабарлама түседі. Облыс орталығының 28 жастағы тұрғынының денесін де екінші мәйіт табылған сол тас жолда тапты. Айта кетейік, қаза тапқандардың барлығын балтамен шауып өлтірген.

Содан екі сағат өткен соң полиция қызметкерлері осы қылмыстарды жасады делінген күдіктілерді ұстады. Рудный қаласының екі тұрғыны тағылған айыпты мойындап отыр. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал "Костанайские новости" басылымының мәліметінше, бірнеше күн бұрын Соналы ауылына алты ер адам келген. Олар Қостанай мен Рудный қалаларының тұрғындары екен. Оларды темір жол станциясы қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп жатқан ағаштарды аралауға және қайың сыпыртқыларын дайындау үшін жұмысқа алған.

"Басқа қаладан келген ер адамдарды жергілікті тұрғынның бос тұрған үйіне орналастырдық. Үйдің иесі ауылдан уақытша бір жаққа кеткен болатын. Жұмадан сенбіге қараған күні алты ер адам ішімдік іше бастады. Таңға қарай олар қатты шулады, содан оларды тыныштандыру үшін полиция қызметкерлері келді. Кейіннен ер адамдардың тек біреуі жұмысқа кетті. Ал үшеуі ұйықтап жатты. Содан ұйықтап жатқан жұмысшыларды сонда жүрген екі ер адам бастарынан балтамен шауып тастаған. Кейіннен екеуі өлтірілген ер адамның көлігімен ауылдың сыртына қарай кетіп, мәйіттерді сонда қалдырып кеткен", - деді басылым тілшілеріне Тағыл ауылдық округінің әкімі Сағынбай Сүндеталин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети