17 қараша 2016 | 22:36

Қостанай облысында екі полицей емшектегі баласы бар 20 жастағы келіншекті азаптаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында емшектегі баласы бар 20 жастағы келіншекті азаптаған полицейлер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында емшектегі баласы бар 20 жастағы келіншекті азаптаған полицейлер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, 10 сәуірде шамамен таңғы сағат 09.00-де Қарабалық ауданының Есенкөл ауылдық округіне Қарабалық аудандық ІІБ екі қызметкері 20 жастағы Д. есімді зардап шегушінің үйіне келген. Содан полицейлер оған олармен бірге полиция пунктіне бару керектігін айтқан. Ал үйде 20 жастағы келіншектің 2015 жылғы баласы қалған. Айта кетейік, зардап шеккен қыз тұрмыс құрмаған, баласын өзі тәрбиелейді екен. Анасымен бірге тұрады.

Полиция пунктіне келе салып, олар оны учаскелік полиция инспекторының кабинетіне кіргізген. Кейіннен оған балағат сөздер айтып, ұрлық жасағаны жайлы кінәсін мойындауын талап етеді. Егер де келіншек ұрлық жасадым деген түсініктеме бермейтін болса және қойылған сұрақтарға бірден жауап беруден тартатын жағдайда, полицейлер оның саусақтарын біртіндеп кесіп тастайтынын айтып қорқытқан.

Алайда зардап шегуші ештеңе айтпай, үндемей тұра берген. Полицейлердің сұрақтарына жауап беруден де бас тартқан. Сонда С. есімді қызметкер келіншек отырған үстелдің жанына барып, оның шашынан бас салып ұстаған. Сосын оны еденге жатқызып, аяғымен ұрып-соққан. Еденде жатқан қызды шашынан жұлқылап тұрғызған соң С. есімді қызметкер қыздың оң құлағынан және шынтағымен бетінен бірнеше рет ұрған.

 "Д. есімді азаматша физикалық және психикалық тұрғыдан соққы көріп, С. есімді азаматтан әрекеттерін тоқтатуын сұраған. Зардап шеккен қыз полицейлерден оны жіберуін сұраған, себебі келіншекте емшектегі сүтінің жоғалып кету қаупі болған", - делінген хабарламада.

Соттың үкімімен Н. Сәрсенбаев пен А.Төлегенов ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігі  ("Азаптаулар") бойынша айыпты деп танылды. Сот Сәрсенбаевты 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, соттың шешімімен ол мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында үш жылға дейін жұмыс істеу құқығынан, арнайы полиция лейтенанты атағынан айырылды.

Ал Төлегенов соттың шешімі бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол соттың шешімімен мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында үш жылға дейін жұмыс істеу құқығынан, арнай полиция майоры атағынан айырылды. Екі сотталушы да жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети