Қостанай облысында ер адам жұбайы мен енесін пышақтап өлтірген. Сот қандай үкім шығарды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында ер адам жұбайы мен енесін пышақтап өлтірген. Сот қандай үкім шығарды? Фото:depositphotos.com

Қостанай облысында ер адам жұбайы мен енесін пышақтап өлтірген. Сот үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында ер адам жұбайы мен енесін пышақтап өлтірген. Сот үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Костанай облысының тұрғынына қатысты қасақана аса қатыгездікпен және қайталана адам өлтіру бойынша (ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 13) тармақтары) қылмыстық іс қаралды.

Мән-жайы

Биыл шілдеде Л. жанжал барысында жұбайы Л. мен енесі Б.-ға бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Салдарынан жәбірленушілер оқиға орнында көз жұмған, ал айыпталушы қашып кеткен. ​

Айыпталушы сотта кінәсін ішінара мойындаған.

Сот үкімі

Сотталушының жеке басын, қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленуші тараптың моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети