Қостанай облысында ер адам туысының атына 5 несие рәсімдеген

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында ер адам туысының атына 5 несие рәсімдеген Иллюстрация: Тengrinews

Жітіқара қаласында ер адам туысының атына бес несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жітіқара қаласында ер адам туысының атына бес несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жітіқара қаласында 35 жастағы ер адам түрлі микро-несие ұйымдары арқылы туысының атына онлайн түрде бес несие рәсімдеген. Шығын сомасы 145 мың теңгеден асады.

65 жастағы жәбірленуші полицияға телефонына несие берешегін өтеу туралы хабарлама келген кезде жүгінген. Әйел бұл несиені рәсімдемеген. Кейін әйелдің туысының оның ұялы телефоны мен құжаттарын пайдалануға мүмкіндігі болғаны анықталған. Ер адам осы деректерді пайдаланып, онлайн-кредиттер ресімдеген. Ол алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Қазір күдікті ұсталды. ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес бөлімінің мәліметінше, биыл екі айда облыста 194 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген, ал келтірілген залалдың жалпы сомасы 130 миллион теңгеден асқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети