ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жанар-жағармай талондарын үшінші тұлғаларға заңсыз сату дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жанар-жағармай талондарын үшінші тұлғаларға заңсыз сату дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген. Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден аса АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 миллион теңге материалдық залал келтірген", - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, күдіктіге сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сонымен қатар, ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!