Қостанай облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар әйел өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар әйел өлі табылды Сурет: "Регион 10" іздестіру жасағының еріктілері ұсынған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының жоғалып кеткен тұрғынының денесі орманнан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының жоғалып кеткен тұрғынының денесі орманнан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іздестіру шарасының үшінші күні Сарыкөл ауданының жоғалып кеткен тұрғынының денесі Большие Дубравы ауылынан сегіз шақырым жерден табылды. Бұған дейін әйел саңырауқұлақ пен жидек теру үшін орманға жиі барғаны хабарланған болатын.

"30 маусымда 58 жастағы әйел үйден шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен. Оның ағасы полицияға арызданған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен еріктілер, полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бастады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды, ол кінәсін мойындады. Тергеу барысында ол жоғалған әйелдің жерленген жерін көрсетті. Аталған факт бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Қостанай облысы бойынша ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрлан Арыстанов.

Жоғалған әйелді іздеуге жергілікті еріктілер атсалысты.

Із-түзсіз жоғалған күні әйел мен ауылдасының арасында жанжал туындағаны белгілі болған, соның негізінде тергеу мәліметінше, ер адам қылмыс жасауы мүмкін болған.

Ресми деректерге қарағанда, марқұмның денесі таяз жерленген және ол бұтақтар және құрғақ жапырақтармен көмілген. Қылмыс ауыл аумағында қарусыз жасалған, содан кейін марқұмның денесі орманға жеткізілген.

Полиция мәліметінше, күдікті 31 жаста, бұрын сотты болмаған. Марқұм әйел жалғыз тұратын, екінші топтағы мүгедек болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети