01 наурыз 2017 | 13:40

Қостанай облысында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел 30 рет пышақталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© minval.az © minval.az

Қостанай облысы Амангелді аудандық сотының ғимаратында пышақталған әйелді аман алып қалу мүмкін болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысы Амангелді аудандық сотының ғимаратында пышақталған әйелді аман алып қалу мүмкін болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға болған жерде әйелдің қайтыс болғанын тіркеген. "Кейбір БАҚ өкілдері әйел адамның ауруханада қайтыс болғанын және оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмағанын жазған, бірақ олай емес. Жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнында әйел Ж. Таубаеваның қайтыс болғанын констатациялаған. Ол 30 рет пышақталған, сол себепті оны аман алып қалу мүмкін болмады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, оның күйеуі мектепте жұмыс істейді, психикалық және наркологиялық есепте жоқ. 

"Әйел адам Амангелді аудандық орталық ауруханасында анестезиолог дәрігер болып қызмет еткен", - деді баспасөз қызметіндегілер.  

Еске сала кетейік, осыған дейін сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адамның мектеп мұғалімі болып шыққаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, өз әйелін пышақтаған ер адам Арқалық мемлекеттік институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен.

Қайғылы оқиға кеше болған еді. "Шын мәнінде, кісі өлтіру дерегі болды. Қайғылы оқиға Амангелді аудандық сотының ғимаратында болған. Олар ажырасқысы келген. Ер адам әйелін пышақтаған", - деп хабарлаған еді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети