Қостанай облысында мұғалімді зорламақ болды деген ер адамның ісі қаралып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында мұғалімді зорламақ болды деген ер адамның ісі қаралып жатыр Иллюстрация

Жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам әйелдің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған. Бұл туралы жәбірленуші айтып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Жәбірленуші 50-ден асқан, сотталушы - 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуыл қай ауданда болғанын әзірге құпия сақтауды сұраған. Сотта мұғалім оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берген.

Сотталушының ісі ҚР ҚК-ның 149, 107, 120-баптарының 1-бөлімдері - тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықта ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жолданған. Соңғы бап бойынша ер адам кінәсін мойындамаған. Жәбірленуші болса одан әрең құтылғанын айтқан.

Сот процесі жалғасып жатыр. Іс 12 мамырға шегерілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети