01 наурыз 2017 14:55

Қостанай облысында сот залындағы қанды оқиғадан кейін күзетшілер жазалануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© politexpert.net © politexpert.net

Қостанай облысы сотының залында әйелді пышақтап өлтіруге қатысты Арнайы күзет басқармасының қызметкерлері жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысы сотының залында әйелді пышақтап өлтіруге қатысты Арнайы күзет басқармасының қызметкерлері жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Ерлан Майоровтың мәліметі бойынша, 28 ақпанда Қостанай облысы АКҚБ қызметкерлеріне қатысты немқұрайлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіле бастады. Тергеу шараларын Облыс прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы жүргізіп отыр.

Соталды тергеу қорытындыларын прокурорлар алда хабарлайтын болады. 

Еске сала кетейік, осыған дейін сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адамның мектеп мұғалімі болып шыққаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, өз әйелін пышақтаған ер адам Арқалық мемлекеттік институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен. Қаза тапқан әйелдің 30 рет пышақталған.

Қайғылы оқиға кеше болған еді. "Шын мәнінде, кісі өлтіру дерегі болды. Қайғылы оқиға Амангелді аудандық сотының ғимаратында болған. Олар ажырасқысы келген. Ер адам әйелін пышақтаған", - деп хабарлаған еді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети