Қостанай облысында түрмеден қашып кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alau.kz.
Қостанай облысында түрмеден қашып кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alau.kz.
Қостанай облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам 10 маусымда шамамен сағат 20.00-де ұсталды.
"Ол осыған дейін өз еркімен жүру құқығын пайдалана отырып, нысаннан қашып кетті. Қазіргі уақытта сотталушы Кабдусалямов жазасын әрі қарай өтеу үшін УК-161/11 минималды қауіпсіздік мекемесіне жеткізілді", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 427-бабы ("Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару") бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқаны хабарланды.