Қостанай облысы Лисаковск қаласында ұры бір пәтердің тоңазытқышындағы тамағын жеп, 24 келі кір тасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысы Лисаковск қаласында ұры бір пәтердің тоңазытқышындағы тамағын жеп, 24 келі кір тасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті үй иесінің ұзақ мерзімді іссапарға кеткен кезінде ұрлық жасаған. Пәтердің тоналғанын көршілердің бірі байқап қалған. "Пәтер қожайыны бағалы заттар мен ақшаны үйінде сақтамаған, сондықтан ұры тоңазытқышта қалдырылған азық-түлікті жеп, спорттық кір тастарын алып кеткен", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жедел шаралар барысында полицияның учаскелік инспекторы күдіктіні анықтап, ұстады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, одан ұрланған кір тастары тәркіленді. Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін де жасаған қылмыстары туралы белгілі болды. 24 жастағы ер адамға қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.