09 қазан 2018 17:18

Қостанай облысында үш шенеунік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қостанай облысында үш шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкіліне сілтеме жасап. 


Қостанай облысында үш шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкіліне сілтеме жасап. 

Жанна Бастарованың айтуынша, Қостанай облысында екі апта ішінде бірнеше сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша заңбұзушылықтар анықталған. Сегіз ай қорытындысы бойынша, Ұлттық бюро Қостанай облысынан 108 сыбайлас жемқорлық дерегін тіркеген. "Облыс осындай заңбұзушылық тіркелген үштікке енді", - деді Ұлттық бюро ресми өкілі Жанна Бастарова. 

Оның айтуынша, "Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағат" мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары 300 мың теңге пара алды деген күдікке іліккен. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Сондай-ақ, "Қостанай облыстық әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің техникалық бақылау бөлімінің басшысы пара алып тұрған жерінен ұсталған. Оған делдал арқылы 2 миллион 950 мың теңге пара алды деген айып тағылды.  

Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық территориялық инспекциясының басшысы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді. Оған қызметтік бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети