Қостанай облысында есірткі сатқан зейнеткер әйелді полицейлер ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысында есірткі сатқан зейнеткер әйелді полицейлер ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 60 жастағы зейнеткер әйел бірнеше жылдан бері Рудный қаласында есірткі сатумен айналысқан. Айта кетейік, зейнеткерді ұстау кезінде жалпы салмағы 20 грамм болатын 13 түйіншек героин тәркіленді.
Полицейлердің мәліметінше, зейнеткер бұған дейін есірткі сатқаны үшін жазаланған. Алайда бостандыққа шыққаннан кейін оның "бизнесіне" жолдасы мен күйеу баласы қосылыпты. Айта кетейік, өткен жылы есірткі сатқаны үшін оның жолдасы, ал алты ай бұрын күйеу баласы сотталды.
Ақыры күдіктінің үйінен таразы мен героинді өлшеп орауға арналған заттар тәркіленді. Зейнеткердің көршілері оның есірткі сатумен айналысатынын білмеген. Ал есірткіні тұтынушылар арасында әйел "баба Маша" деген атпен танылған. Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.