Өзінің 27 жастағы ұлын өлтірді деп айыпталған Қостанай облысының 52 жастағы тұрғыны сот алдына келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзінің 27 жастағы ұлын өлтірді деп айыпталған Қостанай облысының 52 жастағы тұрғыны сот алдына келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына қарағанда, биыл 1 маусымда сағат 23.00-де Денисов ауданы Алчанов ауылында ер адам отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардың негізінде өзінің әйелін бірнеше рет соққыға жыққан. Салдарынан әйелі дене жарақаттарын алған.
"Түнгі уақытта әйел үйге келген ұлына шағымданған. Содан ұлы әкесі отырған бөлмеге кіріп келіп, оның басынан ұрып жіберіп, үйден қуып шыққан. Кейін әкесіне өз ұлын өлтіру туралы ой келеді. Ұлының ұйықтап жатқанын білген соң ол оның бөлмесіне кіріп келіп, ұйықтап жатқан баласының басынан үш рет металл затпен ұрған. Салдарынан ұлы сол жерде ес жимастан көз жұмған", - деп хабарлады соттағылар.