Қостанай полицейлері өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай полицейлері өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Қостанайда арнайы операция барысында полицейлер заңсыз айналымнан 1,5 келіден аса "синтетиканы" тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда арнайы операция барысында полицейлер заңсыз айналымнан 1,5 келіден аса "синтетиканы" тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында жасырын "қойып кету" жолымен синтетикалық есірткі құралдарын өткізуді жүзеге асыратын интернет-дүкеннің мүшелерін анықтады.

Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер синтетикалық есірткілерден басқа, ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заңсыз өсірілген құрамында есірткі бар өсімдіктерді тәркіледі.

"Күдіктілер аймаққа "қойып кету" арқылы 1,5 келі "синтетика" таратуды көздеген. Қостанай облысының 27 және 29 жастағы екі тұрғыны мүше болған интернет-дүкен өңір аумағында 4 айға жуық жұмыс істеген", - деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов.

Полицейлер 297-баптың 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети