Қостанайдың ішімдік ішкісі келген тұрғыны қайырымдылық үшін жиналған ақшасы бар жәшікті ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайдың ішімдік ішкісі келген тұрғыны қайырымдылық үшін жиналған ақшасы бар жәшікті ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 ақпан күні сағат 20.10-да қаланың 9-ықшамауданындағы №15 дүкенде болған. 38 жастағы азамат Қазақстанның Қызыл жарты ай ұйымына тиесілі қаржыны қолды қылды. Айта кетейік, қоғамдық ұйым қайырымдылық акциясын жүргізіп жатыр, жиналған қаржы тұрмысы төмен азаматтарға беріледі.
"Оқиғаның басы-қасында болғандар полицияға бірден хабар берді. Жол-патруль полициясының жаяу патруль батальоны жеті минуттың ішінде дүкеннің маңынан күдікті ер адамды ұстады. Ол ұрланған заттармен тығылып қалмақшы болды. Ұсталған азамат - Қостанай қаласының тұрғыны, бұрын істі болмаған, ол мұндай әрекетке ішімдік ішкісі келгендіктен барғанын айтты", - делінген хабарламада. Ұрыдан тәркіленген қаржы қоғамдық ұйымның есепшісіне тапсырылды.
Айта кетейік, бұл дерек бойынша қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы - "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бап санкциясы бойынша, күдіктіге айыппұл салынуы немесе үш жылға дейін бас бостандығына шектеу қойылуы немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.