Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында 18 жастағы Дарья Махартованы өлтірді деген 26 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс аясында жиналған дәлелдер, сондай-ақ, тағайындалған сараптамалар күдіктінің кінәсін дәлелдейді", - деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа мәліметтер жарияланбайды.
Еске сала кетейік, іс-түссіз жоғалған 18 жастағы Затобол ауылының тұрғыны Дарья Махартованың денесі 21 шілдеде Қостанай облысының шетінде табылған болатын.