Қостанайда 22 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда 22 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды Фото:depositphotos.com

Қостанайда 22 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда 22 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы Полиция департаментінің жедел уәкілдері мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты.

"2003 жылғы мамырда Қостанай ауласынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған болатын. Сараптама оны тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Алғашында күдіктілердің бірін анықтағанымен, оның кісі өлтіруге қатысы бары туралы дәлелдер жеткіліксіз болды. Бірақ полиция қызметкерлері дәлелдерді жинауды және іс материалдарын талдауды тоқтатпай, 20 жыл бойы тергеу жұмыстарының жалғасуын қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

Ақпанда қосымша тергеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 44 жастағы күдікті ұсталды.

"Ол 2003 жылғы ақпанда марқұммен танысқанын және бірге алкоголь ішкенін мойындады. Күдікті жәбірленушіге жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасағанын, ол бас тартқан соң тұншықтырып өлтіргенін айтты".

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети