Қостанайда әйелге пышақпен шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайда әйелге пышақпен шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 41 жастағы тұрғынға қатысты үкім жарияланды. Қостанайдағы автобус аялдамасына жақын маңда ер адам пышақпен әйелге шабуыл жасаған. Жәбірленуші аман қалды, бірақ денесінің оң жағы сал болып қалған.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған ең жоғары қауіпсіздік колониясында 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сергей Крайчинский бұрын сотталған, сондықтан сот шешім қабылдаған кезде өтелмеген мерзімді ескерген.
"Сарыкөл аудандық сотының 2019 жылғы 17 шілдедегі үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу жолымен (1 жыл және 6 ай) Сергей Крайчинскийге ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза түпкілікті тағайындалсын. Сонымен қатар, мүліктік зиян өтеу есебінен 331 000 теңге және моральдық зиян 5 миллион теңге өндіу қанағаттандырылды", - деп үкім шығарды судья.
Ер адам мәжбүрлі түрде ішкіліктен емделеді. Сондай-ақ, судья ең жоғарғы жаза мерзімін тағайындау мүмкін емес екенін түсіндірді. Өйткені Крайчинский қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізбеген.
Жәбірленуші үкімге шағымданбайтынын айтты.
Іс материалдарына сәйкес, шабуылдаушы мен жәбірленуші бұрын таныс болған. Әйел Крайчинскийге әдепсіз сөз айтқан, сол үшін ер адам оған бес рет пышақ сұққан. Оның біреуі жұлынға зақым келтірген.
Айта кетейік, былтыр қарашада Қостанайда ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасағаны хабарланған еді. Ол видеобақылау камераларына түсіп қалған. Шабуыл дерегі бойынша "Кісі өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!