07 қыркүйек 2016 18:30

Қостанайда басқарма басшысының орынбасары екі миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанай қаласының № 2 сотына Қостанай әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасары 1966 жылғы Дәуренбек Жансейітовке қатысты қылмыстық іс материалдары келіп түскен, - деп хабарлайды Алау порталы.

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі ("Айтарлықтай мөлшерде пара алу") бойынша айыпталған. 

"Нұр Жарық Сервис" ЖШС директорынан заңсыз түрде ақша алу мақсатында Жансейітов делдал арқылы екі миллион теңге талап еткен. Ол атқарылған жұмыстардың актілерін қабылдап, қамқорлық көрсетіп отыруға уәде еткен", - делінген басылымда.

2016 жылдың 18 тамызында Қостанай-Әулиекөл тасжолында Жансейітовті Қостанай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметтері қолма-қол ұстаған. Қылмыстың істің қаралуы жақын арада басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети