13 тамыз 2020 15:15

Қостанайда белгісіз біреу қыз балаға тиіскен: полиция ер адамды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp-та қостанайлықтар кәмелетке толмағанға қыз белгісіз біреудің тиіскені туралы хабарлама таратып жатыр, - деп хабарлайды Alau.kz.


WhatsApp-та қостанайлықтар кәмелетке толмағанға қыз белгісіз біреудің тиіскені туралы хабарлама таратып жатыр, - деп хабарлайды Alau.kz.

"Бұл оқиға қала орталығында болған, олар қызбен сөйлескен ер адамды байқаған, қыз шамамен 13 жаста. Сыртынан қарағанда әдеттегі жағдай, бірақ ол ер адам әйеліме біртүрлі болып көрінді. Олардың жанына барғанда ер адамның қызға оның әдемі екенін айтып жатқанын және оны сүюін сұрағанын естідік. Осыны естігін соң мен қыздан ер адамды тани ма, жоқ па сұрадым. Қыз танымайтынын айтты. Содан мен ер адамды алып кеттім. Ал қызға мұндай жағдайда айғайлап, қашып кету керегін айттық", - деп жазды оқырман.

Қостанай облысы полиция департаментіндегілер қазіргі уақытта ведомствоның жеке құрамы ер адамды іздеуге жұмылғанын айтты.

"Бұл дерек тіркелді. Полиция ер адамның жеке басын анықтау және осы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін шаралар қабылдап жатыр", - деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети