Қостанайда бір ай бұрын жоғалған Елдос Дүйсенов пен Мадина Байзақованың қайда екені анықталды, - деп хабарлайды "Наш Костанай".
Қостанайда бір ай бұрын жоғалған Елдос Дүйсенов пен Мадина Байзақованың қайда екені анықталды, - деп хабарлайды "Наш Костанай".
Полиция өкілдерінің айтуынша, олар Алматыдан табылған.
"Қазіргі уақытта Мадина үйіне оралды. Елдос әлі Алматыда. Жағдайлары жақсы", - делінген хабарламада.
Қостанай облыстық Полиция лепартаментінің баспасөз қызметіндегілер Елдостың анасы жасаған видеоүндеуі көмектескен. Видео БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде тез таралған.
Еске салайық, 23 жастағы Елдос Дүйсенов пен 22 жастағы Мадина Байзақова 20 қаңтарда жоғалған. Олар таксимен Астанаға кеткен. Осыдан кейін жақындарымен байланыс үзілген.