Қостанайда 85 жастағы зейнеткердің тоңазытқышын босатып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайда 85 жастағы зейнеткердің тоңазытқышын босатып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 85 жастағы зейнеткер үйінен 4 келі кәмпит, екі қойылтылған сүт, кәді қоспасы, макарон мен сегіз бөтелке коньяктың ұрланғанын айтып, полицияға хабарласқан. Жедел іздестіру шаралары кезінде полицейлер күдіктіні ұстады. Тоңазытқышты зейнеткердің 55 жастағы көршісі тонаған болып шықты.
Айта кетейік, қостанайлық полицейлер екі күн ішінде 20 ұрлық дерегін анықтады. 27 шілдеде Қостанай қаласындағы ІІБ Оңтүстік бөлімшесінің қызметкерлері 250 000 теңге мен алтын бұйымдарды қолды қылған 27 жастағы күдіктіні ұстады. Полицейлер тәркіленген бұйымдар мен ақшаны иесіне қайтарды.
Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда жыл басынан бері 1507 пәтер тоналған, қылмыстық істердің басым бөлігі ашылды.