14 ақпан 2022 | 12:25

Қостанайда дүкен қызметкері тонаушыларды ұстады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда көтерме-бөлшек сауда дүкенінің қызметкері пышақпен қаруланған тонаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда көтерме-бөлшек сауда дүкенінің қызметкері пышақпен қаруланған тонаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай тұрғыны Данияр Мұқашев қаруланған тонаушыларды ұстап тұрған. Ер адам көтерме және бөлшек сауда компаниясында жұмыс істейді. Таңертеңгі сағат 11-де жастар дүкенге кіріп, алкоголь сатуды талап еткен. Оларға алкоголь өнімдерін сатуға 12:00-ге дейін тыйым салынғаны түсіндірілген. Бірақ олар арақ-шарап бөліміне барып, бір бөтелке арақ алып, кассаға келген.

"Жастардың бірі кассирмен жанжалдасқанын естідім. Жақындағанда, біреуінің қолында пышақ барын көрдім. Полиция келгенше, оларды еденге жатқызып, ұстап тұрдым", - деді Данияр Мұқашев.

Екеуін бірдей ұстау оңай болмаған, бірақ Даниярдың қолынан келген. Ер адам бұл әр адамның азаматтық борышы деп санайды әрі ол қылмыс жасалып жатқан кезде еш әрекетсіз отырғысы келмеген.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы күдіктілерді полицияға жеткізді.

"Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Қостанайдың 42 жастағы тұрғыны мен облыс орталығының 27 жастағы тұрғынына қатысты 191-баптың 2-бөлігі "Тонау" бойынша соталды тергеу басталды. Ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полиция қызметкерлері Данияр Мұқашевты құқықбұзушыларды ұстауға көмектескені үшін жоғарылатуды ұсынды. Қазір полицияға жыл басынан бері 10-нан аса әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кескен 295 қоғамдық көмекші көмектесіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети