Қостанайда екі айлық нәрестесін ит тістеген әйел сотқа жүгінбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі айлық нәрестенің анасы Юлия Дайнега итті ұйықтатуға және өтемақы талап етуге ниетті екенін айтты.
Қостанайда екі айлық нәрестесін ит тістеген әйел сотқа жүгінбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі айлық нәрестенің анасы Юлия Дайнега итті ұйықтатуға және өтемақы талап етуге ниетті екенін айтты.
"Мен бағдаршамның жасыл түсі жанғанда көшеден өтіп бара жаттым. Алдымыздан бір қыз итімен өтіп келе жатты. Қолымдағы қызымның аяғы қозғалып еді, ит кенет маған секіріп, сәбиімді тістей бастады", - деп әңгімеледі ол қайғылы оқиға жайлы. Оның айтуынша, бірінші көмекті куәгерлер көрсетіпті. "Иттің тұмағасы болмады. Иесі итіне "фу-фу" деп айтып жатты, бірақ ит қайтпады. Көшедегілер шөлмекпен ұрып жатты, біреу дүкеннен атып шықты. Қазір сәбиімнің дене қызуы көтеріліп жатыр. Денесі ісіп кетті, терісі түсіп жатыр. Түнге жедел жәрдем шақырттым", - деді екі айлық Златаның анасы.
"Мен полицияға арыз жаздым, себебі ит адамдарға шабуылдайды. Ұйықтатып тастасын. Өтемақы алуға өтініш жазамын. Қанша рет әлі ине салдыруымыз керек, қаншама шығын болады", - деді Юлия Дайнега. Юлия екі баласын өзі асырап отыр екен. Айтуынша, пәтер жалдап тұрып жатыр.
Қалалық ауруханадағылар болса нәрестеге құтырудан бірнеше рет ине салу қажет екенін айтып отыр. "Сәбидің аяғындағы жарақатына ем жасадық, ине салдық, сәбиді анасы үйіне алып кетті. Анасының да жарақаты бар екен, оны қалалық ауруханаға алып кетті. Барлық мәлімет сол учаскеге жіберілді, сол жақта екпе жасалып, бақылауында болады", - деді дәрігерлер.
Еске салайық, төтенше жағдай 21 маусымда Қостанайдағы Абай мен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Әйелдің қолында екі айлық нәресте болған. Көшеде оның маңынан иті бар әйел өтіп бара жатқан. Осы кезде ит нәрестені тістеген. Сәбиін қорғамақ болған анасы да жарақат алған. Ал иттің егесі оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін ол ұсталды.