Қостанайда екі қыз автобус ішінде ұрыларға кезігіп, олардың қашып кетуіне жол бермеген, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
Қостанайда екі қыз автобус ішінде ұрыларға кезігіп, олардың қашып кетуіне жол бермеген, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
3 маусымда түсқағаздар дүкенінде жұмыс істейтін Ольга Мухортова мен Наталья Жерлоның әріптесінің сөмкесін, ақшасын, маңызды құжаттарын ұрлап кеткен. Бейнебақылау камераларынан қойма меңгерушісі қаскөйлердің автобусқа отырып кеткенін байқаған. Ер адам қоғамдық көліктің артынан қуа жөнелген.
Ольга Мухортова мен Наталья Жерло басқа көлікпен автобустың артынан жүріп, теміржол вокзалының алдында автобусқа жолаушы ретінде кірген. Қыздар ешкімнен көмек күтпестен, ұры ер адамдардың жанына барып заттарды қайтаруын талап еткен.
"Олар өздеріне негізсіз айып тағылғанын алға тартқан. Жолаушылардың осы жағдайдан есі кетті, біздің кигеніміз биік өкшелі туфли мен қысқа белдемше, бірақ соған қарамастан ұрыларды ұстауға келдік", - дейді қыздар.
Жолаушылар көп болмаған, көбісі әйел адам болды. Жүргізуші бағдарынан кешігіп қалмауы үшін автобусты тоқтатпастан жүргізе берген. Алайда қыздар жүргізушіге автобусты тоқтатып, полицияны күтейік деген.
"Бізге полиция диспетчері кеңес беріп отырды, психологиялық тұрғыдан өзімізді қалай ұстауды үйретті. "Мөр үйі" аялдамасына жақындаған уақытта бір әйелге шығу керек болды. Сол кезде ұрылар қашып кеткісі келді, бірақ біз бар күшімізді салып оларды тоқтаттық. Қолымызда көгерген іздер де қалды. Осы кезде автобусқа Мейрам Жүнісов есімді полиция сержанты кіріп келді. Ол ең агрессиялы ер адамның қолын қайырып, артынша қамауға алды", - деп суреттеді қыздардың бірі болған оқиғаны.
Оларға жағдай басқаша аяқталуы мүмкін еді деген ой кейін түскен.
"Осы жағдайда біз екі нәрсені түсіндік, сол себепті барлығына айтқымыз келеді. Біріншіден, әрдайым жақсылыққа сену керек. Біздің сатушымыз сөмкесін "ұрлатып алдым" дегенде ол осының соңы жақсы болады деп ойламады. Екіншіден, шетте бос қарап тұруға болмайды, әрқашан команда болуға тырысу керек", - деп ойлайды қыздар.