Қостанайда үй ауласында ер адамды белгісіз біреулер пышақтап кеткен. кешкі сағат тоғыз шамасында болған, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
Қостанайда үй ауласында ер адамды белгісіз біреулер пышақтап кеткен. кешкі сағат тоғыз шамасында болған, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
Басылым өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, оқиғаның Текстилшиков көшесінде болғанын жазады. Қаза тапқан ер адамның жасы елу шамасында. Үй ауласы қоршауға алынған.
БАҚ мәліметінше, ер адам екі жерінен пышақталған. Содан ол қаза тапқан.
Кейін Қостанай облыстық ІІД өкілдері күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Алайда тергеу мүддесі үшін істің мән-жайы айтылмайды.