Қостанай қаласы ІІБ криминалдық полициясы Оңтүстік бөлімінің жедел өкілі Жарас Байтұрсынов есірткі мафиясымен байланыста болғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары" газеті.

Басылымның мәліметінше, полицей 2011-2012 жылдар аралығында қылмыстық топ құрғандардан ақша мен есірткі алып отырған. Істе жалпы 16 эпизод бар.
Адвокаттар сотталушыны тәжірибесіз болды деп, басшылығының қатысы барын дәлелдегісі келген. Жазаны жеңілдету үшін Байтұрсынов өз кінәсін толық мойындады, сондықтан сот отырысы жеңілдетілген тәртіпте өтті. Айта кетейік, полицейге қатысты сот 5 қаңтарда басталған еді.
Мемлекеттік айыптаушы Байтұрсыновты алты жылға соттауды сұраған еді. Ал адвокат сотталушының бұл "ойында қолбала" ғана болғанын, кәмелетке толмаған екі баласы барын және кінәсін толық мойындағанын ескеруді сұрады.
Сот Байтұрсыновты қызметтік өкілін асыра пайдаланды және есірткі мафиясымен байланыста болғаны үшін айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот рақымшылық жасап, жаза мерзімін төрт есеге қысқартты. Байтұрсынов полицияның аға лейтенанты атағынан және жеті жылға құқық қорғау органдарында қызмет ету құқынан айырылды.
Жарас Байтұрсыновқа сот залында кісен салынды.