Қостанайдың №2 соты облыстағы екі ірі құрылыс компаниясының директорларын қамауға алу туралы қаулы шығарды - "Аскос" ЖШС директоры Леонид Васильев және "Стройметсервис-2007" ЖШС директоры Сергей Биктибаев, - деп хабарлайды "Наша газета". Олар қызметтік өкілін теріс пайдаланды және әкімдіктің құзырлы тұлғаларына астыртын көмек көрсетті деп айыпталып отыр. Соттың қаулысымен кәсіпкерлер екі айға қамауға алынды.

"Биктибаев былтырғы қыркүйектен бастап биылғы қыркүйек айына дейін Васильевпен, құрылыс бөлімінің басшысы Абдуллинмен және әкімдіктегі басқа да құзырлы тұлғалармен келісіп, Қайырбеков көшесінде балабақша құрылысын заңсыз бастаған", - деді прокурор Руслан Өмірзақов. Құрылыстың бағасы 564 миллион теңге болғаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, құрылысқа тендерді "Ұлан" ЖШС жеңіп алған, дегенмен келісімшарт "Стройметсервис-2007" компаниясымен жасалыпты. "(...) Биктибаев Васильевпен және Қостанай әкімдігіндегі басқа да тұлғалармен келісіп, құрылысты "Ұлан" ЖШС-ның жалғастыруына бөгет болған", - деді Өмірзақов.
Прокурор бұл қылмыстың ауыр екенін, сондықтан да қамауға алу туралы шешімнің шығарылғанын айтты. Биктибаев сотта құрылысқа бөгет келтірмегенін айтты. "(...) құрылыс 10 айға тоқтатылды, сондықтан да балабақша салынған жоқ. Қамауға алу туралы шешімді жеңілдеу шарамен алмастыруларыңызды сұраймын", - деді ол.
Васильев өз кезегінде "Стройметсервис-2007" компаниясына еш қатысы жоқ екенін айтты. "(...) Ұлым операция жасату үшін шетелге бару керек, ол оқуын тастап кетті. Әкесін еш жазықсыз қамауға алу ол үшін ауыр жағдай. (...) Мені үй қамауына алуды немесе кепілақы арқылы босатуды сұраймын. Ең құрғанда ұлыма операция жасағанға дейін, 1 қазанға дейін. Одан кейін қалағандарыңызды істеңіздер", - деді Васильев.