25 қараша 2016 | 17:58

Қостанайда күйеуінен жәбір көрген әйел оны өлтіруге тапсырыс берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© БелТА © БелТА

Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты Арқалық қаласының 54 жастағы тұрғыны Ораза Қабыл есімді әйелді бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды "Алау" порталы. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты Арқалық қаласының 54 жастағы тұрғыны Ораза Қабыл есімді әйелді бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды "Алау" порталы. 

Қылмыстық істің материалдары бойынша, сотталушы жәбірленушімен азаматтық некеде 2002 жылдан бері тұрып келген. 2013 жылы әйел басқа бір еркекпен танысқан. Осыған байланысты "ерлі-зайыптылар" жиі жанжалдасатын болған. Ер адам әйелі мен оның анасын ұрып-соғатын болған. Күйеуі ішімдікке салынып, тапқан ақшасының барлығын карта ойнап ұтылатын болған. Ал мас күйінде үйге келген уақытта ол газ баллонын ашып, үйдегілердің барлығын жарып жіберетін айтып, қорқытқан. 

"Осы жылдың мамыр айында әйел өзінің танысына азаматтық некеде тұратын ер адамды өлтіруге тапсырыс береді. Танысы 70 мың теңге үшін адам өлтіруге дайын бір адамды табады. Осымен тарасқан. Осы ұсыныс бірнеше рет қайталанғаннан кейін және әйелдің ойы шын мәнінде екенін түсінген танысы Арқалық қаласының ІІБ барып мән-жайды айтып берген. Полицейлер осы іске кіріскен. Әйел адам кісі өлтірушіге 5 мың теңге берген, ал істі бітірген соң қалғанын беремін деп уәде еткен. 15 маусымда әйелдің азаматтық некеде тұрған күйеуінің өлімін қолдан келтіріп, телефоны мен қанға боялған пнамасын берген. Әйел адамның ойы қылмыстық болғандықтан, оны оқиға орнында ұстаған", - делінген облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Сот үкімімен әйелге 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети