Қостанайда полицей мылтықпен адам өлтірді деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда полицей мылтықпен адам өлтірді деген күдікке ілінді Иллюстрациялық фото

Қостанайда полиция қызметкері мылтықпен адам өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда полиция қызметкері мылтықпен адам өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда екі адам арасында жанжал шығып, біреуі екіншісіне мылтықпен оқ атқан.

"Қостанай облысының полиция департаменті 37 жастағы екі ер адамның арасындағы жанжалға байланысты 99-баптың 1-бөлімі ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеуді бастады. Жанжал кезінде біреуі тіркелген мылтықпен екіншісіне оқ атқан", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті полиция қызметкері екені хабарланды.

Соталды тергеу жүріп жатыр, полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети