Қостанайда "Трудовые резервы" спорт кешенінде атыс болды, - деп хабарлайды Alau.kz. Басылымның мәліметінше, оқиға 16 қаңтарда кешкі уақытта болған.
Қостанайда "Трудовые резервы" спорт кешенінде атыс болды, - деп хабарлайды Alau.kz. Басылымның мәліметінше, оқиға 16 қаңтарда кешкі уақытта болған.
Куәгерлердің айтуынша, екі спортшы сөзге келіп қалған. Содан атыс басталып, салдарынан оқ атқан ер адам екі адамды жарақаттаған. Оқ біреуінің иығына, ал екіншісінің басына тиген.
Осы дерек бойынша Қостанайдың 19 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Күдікті ұсталды. Травматикалық "Оса" қаруы тәркіленді. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.