Қостанайда судья пара алып жатқан кезінде ұсталды - Жоғарғы Сот

Дина Шарипханова Корреспондент
Қостанайда судья пара алып жатқан кезінде ұсталды - Жоғарғы Сот Фото:elements.envato.com

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай облыстық сотының судьясы пара алып жатқан кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Бұл қаражат соттың мүдделі тарап пайдасына оң шешім шығаруы үшін арналғаны айтылған. Жоғарғы Сот мәліметінше, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
 
ҰҚК Тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") 3-бөлігі 3-тармағы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама