Қостанайда үш ер адам қала орталығында орналасқан дүкенге баса-көктеп кіріп, кассадан ақша алып кетті, - деп хабарлайды "Наша газета".
Қостанайда үш ер адам қала орталығында орналасқан дүкенге баса-көктеп кіріп, кассадан ақша алып кетті, - деп хабарлайды "Наша газета".
Оқиға бүгін түнде, 28 ақпанда болған.
Видеодағы кадрлардан дүкенге үш ер адамның кіріп, ондағы қызметкер мен күзетшіні еденге жатқызып жатқаны көрінеді. Олардың екеуі күзетшіні ұстап тұрған, ал үшіншісі қыздан кассаны ашып, ақшаларды беруін талап еткен.
Басылымның мәліметінше, ақшаны алып кеткен ер адамдар оқиға орнынан жасырынған.
Ал бүгін полиция қызметкерлері дүкен орналасқан үйдегі пәтерлерді тексеріп, видеожазбаны тұрғындарға көрсетіп шықты.