Қостанайлық 45 жастағы әйел алтын алқа үшін зейнеткерді пышақтап өлтірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайлық 45 жастағы әйел алтын алқа үшін зейнеткерді пышақтап өлтірді

Қостанайда еш жерде жұмыс істемейтін 45 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде зейнеткерді пышақтап, алтын алқасын жұлып әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда еш жерде жұмыс істемейтін 45 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде зейнеткерді пышақтап, алтын алқасын жұлып әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қостанай қаласындағы көпқабатты үйдің кіреберісінен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлама келіп түсті.

Күдікті қонақтан үйіне қайтып келе жатқан 75 жастағы зейнеткердің алтын әшекейлерін байқап қалған. Сосын ол зейнеткерге еріп подъезге кіріп, оны пышақтап, мойнындағы алтын алқасын алып кеткен", - делінген хабарламада.   

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтің айтуынша, қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылып, кісі өлтіру қылмысы екі сағатта ашылған.

Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети