Қостанайлық қасапшы әпкесін бауыздап тастаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ng.kz © ng.kz

14 маусымда Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туысын айуандықпен өлтірген 30 жастағы Құсбек Әлмағамбетовке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Наша Газета".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

14 маусымда Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туысын айуандықпен өлтірген 30 жастағы Құсбек Әлмағамбетовке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Наша Газета".

Оқиға 2017 жылдың 24 желтоқсанында Қарабалық ауданындағы Славенка ауылында болған. 45 жастағы Күлмар Бекбосынова күйеуімен ажырасқаннан кейін туыс інісі Құсбектің отбасымен уақытша тұрып жатқан. 

Әлмағамбетов өз ауылында қасапшы болған. Сол күні әйел адам Құсбекпен және оның әкесімен бірнеше шөлмек арақ ішкен. 

Шамамен сағат 22:00-де туыстар сөзге келіп қалады - олар бұзауды немесе тауықты сою керек деген мәселеде таласып қалады. Ары қарайғы оқиға адам айтқысыз. Іс материалы бойынша, Құсбек әпкесінің арқасынан алты рет пышақ ұрады. Оның басын кесіп жатқанда әйел адам әлі тірі болған. 

Сотталған ер адам үйленген және төрт баласы бар. Оқиға болған сәтте олар да үйде болған. Мас күйеуіннен тығылған әйелі полиция шақырған. Адвокаттың сөзінше, ер адам басында кінәсін мойындағанымен, кейін айтқанын толық өзгерткен. 

Сот Әлмағамбетовті кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді және оған маскүнемдіктен күшпен емдеу тағайындалды. 


© ng.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro