"Туат" заставасының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мұнда 6 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысынан әскери борышын өтеуге келген солдат өлі табылған деп хабарлайды Өскеменнің әскери прокуратурасына сілтеме жасаған "Мой город" басылымы.
"Туат" заставасының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мұнда 6 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысынан әскери борышын өтеуге келген солдат өлі табылған деп хабарлайды Өскеменнің әскери прокуратурасына сілтеме жасаған "Мой город" басылымы.
Застава басшысына қатысты "Құзіретін асыра сілтеп пайдаланған" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір ол уақытша қамауға алынған. "Бастапқы тексеру кезінде көз жұмған солдатқа қатысты застава басшысы үнемі қас әрекет жасап, күш қолданып отырғаны анықталған. Арманға қатысты орын алған бұл фактіні заставаның басқа әскери қызметкерлері де нақтылаған. Тергеу барысында барлық болжам мен фактілер әбден тексерілетін болады, тек "Құзіретін асыра сілтеп пайдаланды" деген бап бойынша емес, сонымен қатар "Кісі өлтіру" бабы бойынша да" деді Өскемен горнизонының әскери прокуроры Ерлан Бетекбаев.
Сондай-ақ прокурордың айтуынша, Арман Наурызғалиевтің денесінде жарақаттары болған. "Алдын ала болжам бойынша, бұл застава басшысының солдатқа көрсеткен әлімжеттігін танытады. Ол күш қолданып, жеке құрамасына уставқа сай келмейтін әмір жүргізген" деді ол.
Еске сала кетелік, 6 мамырдың түнінде Қытай шекарасы маңындағы "Туат" шекара заставасы бекетінде иек астынан оқ өткен, әскери борышын өтеп жүрген Арман Наурызғалиевтің өлі денесі табылған. Алдында аймақтық басқарма бастығының орынбасары Мұрат Серкібаев әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлаған. Алайда көз жұмған солдаттың туған-туыстары бұған сенбейді.