Көзін ағызып, қолын жұлып алған: Оралда күзетшілердің ісі бойынша үкім шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Оралда ер адамды аяусыз өлтірді деп айыпталған жеке агенттік күзетшілерінің ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралда ер адамды аяусыз өлтірді деп айыпталған жеке агенттік күзетшілерінің ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2019 жылдың желтоқсанында болған. 32 жастағы Қуаныш Ахметов үйінен жаңажылдық корпоративке кетіп, қайта оралмаған.

"Сова" жеке күзет агенттігінің бұрынғы қызметкерлері Абзал Әділов, Аян Кафизов және Әбутәлі Қонысқалиға Қылмыстық кодекстің екі бабы - 106-бабы 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және 252-бөлігі 2-бөлігі "Жеке күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы" бойынша айып тағылды.

"Сот Абзал Әділов пен Аян Қафизовты қылмыстары үшін кінәлі деп танып, 17 және 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Әбутәлі Қонысқали 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деді БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Шара Зайнуллина.

Марқұмның әпкесі Бақыт Ахметова үкіммен келіспейді. Ол соттан қатаң жаза тағайындауды сұрады.

"Олар ағамның көзін ағызып, қолын жұлып алды. Артында әкесін күнде сұрайтын кішкентай қызы қалды", - дейді ол.

Айта кетейік, іс бастапқыда Орал қалалық сотында қаралып, кейін басқа сотқа берілген еді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2019 жылдың желтоқсанында болған. Корпоративтен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген. Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алған. Ер адам жедел жәрдемде қайтыс болған еді.

Іс бойынша айыпталушылардың бірі шымкенттік қызға бүйрегін берген Абзал Әділов болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.68  course down  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro