Көзін ағызып, қолын жұлып алған: Оралда сотталған күзетшілердің біріне рақымшылық жасалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры/© "Астана" телеарнасы Видео кадры/© "Астана" телеарнасы

Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы адам өлтіріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталған күзетшілердің ісі бойынша апелляциялық шағымды қарады. Сотталушылардың біріне рақымшылық жасалып, қамаудан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы адам өлтіріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталған күзетшілердің ісі бойынша апелляциялық шағымды қарады. Сотталушылардың біріне рақымшылық жасалып, қамаудан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық сотқа жәбірленушілер, сотталғандар және олардың қорғаушыларынан апелляциялық шағым келіп түскен. Жәбірленушілер айыпталушы Қонысқалиға жазаны қатаңдатуды сұраған. Қорғаушылар болса, оны ақтауды сұрады.

"Қонысқалиға қатысты үкім өзгертілсін. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылық жасау туралы бап негізінде негізгі жазасын өтеуден Әбуталіп Қонысқали дереу қамаудан босатылсын. Аян Хафизов пен Абзал Әділовке қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылсын", - деді үкімді оқыған судья.

Сот үкімге кассациялық тәртіппен шағым беруге болатынын айтты.

"Сот алқасы Қонысқалидың әрекетін қайта бағалауға негіз көрмеді, өйткені сотта ол жәбірленушіні бірнеше рет ұрғаны, ал Әділов пен Кафизовтың әрекеті ауыр зардапқа әкелгені анықталды", - делінген сот үкімінде.

Бұған дейін Әбуталіп Қонысқалиға өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге жаза тағайындалған болатын. Оның серіктестері Аян Кафизов пен Абзал Әділов 18 және 17 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2019 жылдың желтоқсанында болған. Корпоративтен шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген. Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алған. Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адамның қолын қайырып соққыға жыққанда қолы жұлынып, көзі ағып, жағы сынған. Ер адам жедел жәрдемде қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro