Кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы және ІІМ бұрынғы министрі Серік Баймағамбетов колонияда жалаңаш күйде еден жуған жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Баймағамбетовтің адвокаты Сергей Ким мәлімдеді.
Кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы және ІІМ бұрынғы министрі Серік Баймағамбетов колонияда жалаңаш күйде еден жуған жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Баймағамбетовтің адвокаты Сергей Ким мәлімдеді.
Айта кетейік, Шахтинск сотында Баймағамбетов жазасын өтеген АК 159/6 түзету колониясының 25 жастағы жедел уәкілінің ісі қаралып жатыр. Жедел бөлімнің жас қызметкері бұрынғы ІІМ басшысын азаптады деп айыпталып отыр. Таяуда колония қызметкерлерінің Серік Баймағамбетовті жалаңаш күйде еден жуғызғаны жайлы хабар тараған болатын. Бұл туралы жергілікті басылым Шахтинск қалалық сотына сілтеме жасай отырып хабарлаған еді.
Бүгін бұл істе жәбірленуші тарап болып отырған Серік Баймағамбетовтің адвокаты Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында оны колония қызметкерлерінің жалаңаш күйде еден жуғызғысы келгенін, алайда оның бұған қарсы болғанын айтып берді. Сонымен қатар, адвокаттың мәліметінше, Шахтинск колониясындағы қызметкерге бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр.
"Карантин орнына келгенде барлық сотталғандарды тыр жалаңаш шешіндірген. Олар төртеу болды. Оларды еден жууға мәжбүрлеп қана қойған жоқ - бұл қалыптасқан ережелері бойынша әрекет болды, қайта келген оларды қорлап, намысын аяққа таптау үшін жасалды, олардың ішінде менің қорғауымдағы адам да болды. Оларды белгілі бір кішігірім жерді жуып шығуға мәжбүрледі. Менің қорғауымдағы азамат бір ауыздан қарсы болды, қарсылық танытты, прокурорды шақыруды сұрады, сөйтіп, олардың әкімшілік әрекеттерінің заңсыз екенін айтты - бұл уақытта оны видеокамераға түсірген", - деді Серік Баймағамбетовтің адвокаты.
Сергей Кимнің айтуынша, сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Талғат Әлекбаев сотталушы Попьяновтың қылмыстық әрекеттерінің бірнеше бап бойынша деректерін жария етті. Бұл, біріншіден, АК 159/6 мекемесіне келген жәбірленуші Баймағамбетовке қатысты күш қолдану.
"2013 жылдың 21 қарашасында колонияға келгенде-ақ сотталушыны машинадан жұлқып шығарып, басына бас киімді жаба кигізіп, қолын байлап, кісен салды. Арнайы құралдарды қолдану бұйрық арқылы жүзеге асады, олар тек бағынбаған кезде немесе қандай да бір заңға қайшы әрекет еткенде қолданылады. Бұл құралдар қандай да бір заңға қайшы әрекет болмаса да қолданылған", - деді Ким.
Сонымен қатар, колонияның 25 жастағы қызметкері адами құндылықтарды аяқ асты етті және психологиялық қорлық көрсетті деп айыпталып отыр. Оның ішінде колония әкімшілігінің карантин орнын жалаңаш күйде жуғызу туралы жүзеге аспаған әрекеті бар. "Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің жәбірленушіні қорлауын видеокамераға түсіруі бар. Заңға қайшы әрекеттерінің қатарында сотталушының Баймағамбетовке колония әкімшілігінің алдында заңсыз міндеттемелерге қол қойғызды деген күдік бар. Сонымен қатар, қысқы уақытта ешқандай қаулысыз науқас жәбірленуші Баймағамбетовті айып изоляторына қамады және камерадағы минустық температурадағы бөлмеде бір тәулік бойы ұстады деп айыпталып отыр", - деп келтіреді деректерді Баймағамбетовтің қорғаушысы.
"Оның денсаулығының нашар екеніне қарамастан, қолының жарақатына қарамастан, оны бір адамдық айып камерасына қамап, бір тәулікке жақын уақыт бойы жылы киімсіз суық бөлмеде ұстаған", - деді адвокат.
Еске сала кетейік, Серік Баймағамбетов 2013 жылдың қаңтар айында 80 мың доллар көлемінде пара алу және қызметтік өкілін теріс пайдалану бойынша айыпты деп танылған болатын. Сот жоғары лауазымды шенеунікті 10 жылға бас бостандығынан айырып, Қарағанды облысындағы колонияға жіберген еді. 2014 жылдың жазында Баймағамбетовтә біреулердің ұрып-соққаны жайлы мәлімет таралды. Ал 2015 жылдың ақпанында Баймағамбетов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.