ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.

© Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі жолдаған сурет
3 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы бойынша департаменті жеке тұлғадан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпас үшін 30 мың доллар көлемінде пара алып жатқан жерінен ҚР ІІМ Оңтүстік Өңірлік Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Григорьев А. мен ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі, полиция капитаны Нұрболатов А. ұсталды", - деп хабарлады Нұрлан Жахин.
Күдіктілер Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.