28 маусым 2016 12:32

ҚР ішкі істер министрі Мейірбаевтың босатылуы жайлы: Барлығын сотта білесіздер

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ басшысы © Facebook ҚР ІІМ басшысы © Facebook

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Ол басты күдікті болатын деген не сөз? Тергеудің жүріп жатқанына қаншама ай өтті. Қажетті адамдарға айып тағылды. Барлығын сотта білесіздер", - деді үкімет отырысының үзілісінде Қасымов.

"(...) Сіздерге суреттер мен видеоларды кім берді? Әлеуметтік желілерде оларды кім таратты? Мен қылмыстық істе бар мәліметті басшылыққа алып отырмын. Ал әлеуметтік желілердегі мәліметтер мені қызықтырмайды. Қалғанын сотта білесіздер. Барлық айыпталушыға айып тағылды", - деді тағы да министр.

Осыған дейін Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе күдікті Аян Мейірбаевтың кепілақымен босап шыққаны белгілі болған еді. Аян Мейірбаевқа қатыстықылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеген еді.

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтын курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети