24 наурыз 2023 11:48

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС есепшілері 4 жылға созылған қылмыстық схема бойынша күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Алматы филиалында аса ірі көлемде қаржы жымқыру қылмыстық схемасының белгілерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Алматы филиалында аса ірі көлемде қаржы жымқыру қылмыстық схемасының белгілерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, жалақыны есептеу үшін "SAP HRP" бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына байланысты алаяқтық мүмкін болды, яғни бухгалтерлік есеп қызметкерлерге жалақы бойынша қажетті сандарды қоюға мүмкіндік алды.

"Төрт жыл ішінде артық төлемдер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беріліп отырды. Бүгінгі күні айыпталушы адам сотқа тартылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін кәсіпорында осындай қылмыс жасау арқылы 80 миллион теңгеден аса ақша ұрлағаны үшін 2023 жылдың қаңтарында жетекші бухгалтер Ж.Құндақбаева сотталған болатын.

"Жыл сайынғы аудиторлық тексерулер бұл кемшіліктердің барлығын анықтаған жоқ. Оларға құқықтық баға беру үшін сотқа дейінгі тиісті тергеу басталды.

Сондай-ақ, "SAP HRP" бухгалтерлік бағдарламасы "ҚТЖ "ҰК"АҚ көптеген кәсіпорындарында жұмыс істейтіні белгілі болды.

Көлік прокуратурасы мұндай ұрлыққа тосқауыл қою үшін ұлттық оператордың атына қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, бухгалтерия қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттерін цифрландыру және осы саладағы жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізді", - деп толықтырды ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети