ҚТЖ қаражатын жымқырған ЖШС директоры сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚТЖ қаражатын жымқырған ЖШС директоры сотталды Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Құрылыс компаниясының басшысы теміржол жолдарының қоршауын салуға арналған 57 миллион теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрылыс компаниясының басшысы теміржол жолдарының қоршауын салуға арналған 57 миллион теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігі "ЖилОтделСтрой" ЖШС басшысының алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

"2015 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам ақша қаражатын "Қарағанды магистральдық желі станцияларындағы Жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде" жұмыс көлемін арттыру арқылы жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада. 

Тергеу әрекеттері барысында бюджетке келтірілген залал толығымен өтелді. Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети