22 мамыр 2023 | 16:28

Күдебаевтың қашу оқиғасы: БАҚ Қырғызстанда күдіктілер ұсталғаны туралы хабарлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қырғызстанның Әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз өтуіне қатысты қылмыстық істі тергеумен айналысып жатыр. Бұл туралы 24.kg басылымына құқыққорғау органдарындағы дереккөздер хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның Әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз өтуіне қатысты қылмыстық істі тергеумен айналысып жатыр. Бұл туралы 24.kg басылымына құқыққорғау органдарындағы дереккөздер хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Полиция департаментінің экс-басшысы Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан заңсыз өткен. Басылым мәліметінше, болжам бойынша Күдебаев бақылау-өткізу пунктінің бірінде шекара қызметінің әскери қызметшісі оның Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған.

"Артынша Күдебаев "Манас" әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша төрт адам өтіп жатыр. Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қатысушылардың бірі-әскери қызметші, қалған ұсталғандар қарапайым азаматтар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, былтыр сәуірде бірнеше аймақтағы Полиция департаменттері мен ҰҚК басшылары қаңтардағы тәртіпсіздік бойынша күдікті деп танылды. Екі аптадан кейін ІІМ басшысы Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Содан кейін ол өз еркімен кеткені туралы хабарланды. Ал мамырда қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілер тізімінде Күдебаев та бар екені белгілі болды.

Сондай-ақ, биыл 5 қаңтарда Мәжілісте Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаев түсіп қалған видео көрсетілді. Кадрларда ол қарулы күзетпен өзі күзетуі қажет болған департамент ғимаратынан кетіп бара жатады.

28 сәуірде Күдебаевқа сот үкімі шықты. Жетісу облыстық соты мәліметінше, Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.94  course down  546.67  course up  5.21  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer