Күдікті ұсталды: Талдықорғандағы адам өлімі оқиғасының мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдікті ұсталды: Талдықорғандағы адам өлімі оқиғасының мән-жайы белгілі болды Фото: instagram.com/zhetysu.police

Талдықорғандағы адам өлімінің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғандағы адам өлімінің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікеновтің айтуынша, күдікті марқұм адамның танысы болып шықты.

Полиция кадры

"1980 жылы туған ер адам бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Күдікті бірнеше күн бойы облыс орталығының көпқабатты үйлерінің біріндегі жертөледе жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, қамауға алынды. Мойындау айғақтарына сәйкес, кісі өлтіру жәбірленушілердің бірімен алкоголь ішкен кезде жасалады. Іс бойынша тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауында", - деді облыс ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Еске салайық, 5 қаңтарда Талдықорғандағы жеке үйлердің бірінде егде әйел мен оның 52 жастағы ұлының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылған болатын. Полицейлер бұл қылмысқа 43 жастағы ер адамның қатысы бар екенін анықтады. Оған іздеу жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети