20 шілде 2018 | 21:07

Күдіктілер: "Денис Тен екенін білмедік"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерді ұстау кезінде болған жағдайды айтып берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 23 жастағы Арман Құдайбергенов Ақсай-2 ықшамауданындағы №42-ші мектептің жанында ұсталған. Тергеу нұсқасы бойынша ол Тенге екі рет пышақпен соққы жұмсаған. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерді ұстау кезінде болған жағдайды айтып берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 23 жастағы Арман Құдайбергенов Ақсай-2 ықшамауданындағы №42-ші мектептің жанында ұсталған. Тергеу нұсқасы бойынша ол Тенге екі рет пышақпен соққы жұмсаған. 

Алматы ІІД басшысы Серік Күдебаевтың айтуынша, ұсталған Құдайбергенов өз кінәсін мойындады. 

"Ұсталғандар өздеріне қаражат керек болғанын айтады. Айна ұрлауға бел шешеді. Осы кезде көлік иесі шығып қалған. Төбелес шығып, осы кезде пышақ жарақатын салған. Денис Тенге шабуыл жасағандарын білмедік дейді. Құдайбергеновты көшеден ұстаған. Оның барлық таныстарымен байланысып, бүгін ұсталды. Екеуі де бұрын сотты болған. Өздерінің құрбаны болған адамның Денис Тен екенін - Интернеттен білген", - деді Күдебаев. 

Қылмыскерлер шабуылдан кейін екіге бөлінген. Сол себепті екеуін екі жерден ұстаған. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда облысының тумасы 23 жастағы Құдайбергенов Арман Бурибаевич ІІМ және ІІД қзметкерлерінен құралған арнайы жедел тергеу тобымен ұстаған. 

Осыған дейін, Денис Тенді өлтірді деген күдікті - Жамбыл облысы тумасы Нұралы Қиясов сотқа жеткізілді.

Алмалы аудандық сотында оны қамауға алу санкция қаралды. Сот барысында 24 жастағы күдікті Нұралы Қиясов жылап жіберді. Сотта Нұралы Қиясовтың жұмыссыз екеі айтылды. Орта білімі бар, үйленбеген, балалары жоқ. 2015 жылы автокөлік ұрлағаны үшін сотты болған. Алайда сот залынан босап шыққан. 

Сонымен қатар, екінші күдікті Арман Құдайбергенов та қамалды. 

Қазақстандық танымал адвокат Айман Омарованың айтуынша, автоұры делінген екі жігіт ұрлық пен тонау дерегін жасырғысы келген немесе қылмысын жеңілдеткісі келген. Ал бұл ауырлататын мән-жай болып саналады.

"Бастапқыда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу деді. Ал меніңше, бұл қылмысты жасыру үшін адам өлтіру. Олар тонады немесе ұрлық жасады. Істің жағдайына байланысты. Бірақ тонау деп тұспалдаймын. Бұл 99-баптың 2-бөлігі, бұл айдан анық", - деді адвокат.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети