Күдіктінің жауап алу кезіндегі өлімі: Шымкентте полицейлер жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдіктінің жауап алу кезіндегі өлімі: Шымкентте полицейлер жұмыстан босатылды Фото: Tengrinews.kz

Қостанай облысының тұрғынын ұстауға қатысқан полицейлер жұмысынан шығарылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіү

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының тұрғынын ұстауға қатысқан полицейлер жұмысынан шығарылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіү

Шымкент Полиция департаменті басшысының мәліметінше, 8 желтоқсанында Шымкентте автокөлік құралдарын ұрлады деген күдікпен бұрын соңды мүліктік қылмыс пен қарақшылық үшін сотталған Қостанай облысының екі тұрғыны ұсталған. Олардың автокөлігінен көліктерді ашуға арналған техникалық құралдар, радиостанциялар, маңдай шамдар мен қолғаптар табылып, тәркіленді хабарланды.

"Ұстау және жеткізу кезінде полиция қызметкерлері күш қолданған. Олардың біреуі ғимаратта өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келген уақытта медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады", - деді ол.

Полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғалды.

"Осы дерек бойынша жүргізілген қызметтік тергеумен ұстауға қатысқан қызметкерлер және олардың іс-әрекеттеріне бақылауды қамтамасыз етпеген басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды.

Сонымен қатар, олардың қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады", - деді полиция басшысы.

Төтенше оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Шымкентке ІІМ-нен министрдің орынбасары бастаған комиссия келгені де хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте күдікті жауап алу кезінде қайтыс болғаны хабарланған еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети