© Azattyq.org
Атырау облысы Жылыой ауданындағы ІІБ-ның екі басшысы қызметтен тыс уақытта төбелесіп қалды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы ІІД баспасөз хатшысы Гүльназира Мұхтароваға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Атырау облысы Жылыой ауданындағы ІІБ-ның екі басшысы қызметтен тыс уақытта төбелесіп қалды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы ІІД баспасөз хатшысы Гүльназира Мұхтароваға сілтеме жасай отырып хабарлады.
"Сағат 20.00 шамасында Жылой аудандық ІІБ-ның екі қызметкері арасында тұрмыстық жанжал болды. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қызметтік тексеріспен Атырау облысы ІІД қауіпсіздік басқармасы айналысады", - деді Мұхтарова.
Басылымның мәліметінше, жанжал Құлсарыдағы сауналардың бірінде болған.